"Орман шаруашылығы" бөлімшесінің іс-шарасы

06.03.2025

Бүгін, 2025 жылдың 6 наурызда Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына арналған "Орман білгіштері" зияткерлік ойыны өткізілді. Іс-шараға "Орман шаруашылығы" мамандығы бойынша 1,2,3 курс студенттері қатысты. Мақсаты – қоғамда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және оларды насихаттау, сондай-ақ жастарды елдің орман шаруашылығы саласына тарту. Қатысушылардың тапсырмаларды орындауын әділ бағалау үшін қазылар алқасының құрамына орман шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері шақырылды: Жанат Жемісұлы Макенов – «Көкшетау» МҰТП Шалқар филиалының Шалқар орманшылығының орман шебері, Василий Анатольевич Устинов – «Преснов орман шаруашылығы» КММ-нің орман шебері. Қатысушылар жеребе арқылы екі топқа бөлінді: орманшы және орман шолғыны. Ойын 4 кезеңде өтті, оны орындау барысында қатысушылар орман шаруашылығында, орман өсіруде және басқа да орман инженерлік пәндерде өз білімдерін көрсетті. Жарыс барысында екі топ тең нәтиже көрсетті. Іс-шараның соңында шақырылған орман шаруашылығы қызметкерлері өз сөздерінде орманшы мамандығының маңыздылығын, табиғат пен қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті атап өтіп, болашақта олардың орнына сауатты мамандар келеді деген үміт білдірді.



Текст
Виртуальная приемная